ББЖМ 4-сынып: оқу сауаттылығы
4-сыныптың ББЖМ-ындағы оқу сауаттылығы — 25 минутта 10 тапсырма. Оқыту тіліндегі оқу: ортақ тақырыптағы екі мәтін, әрқайсысы шамамен 115–185 сөз, көбіне көркем әңгімелер. Бірінші мәтінге төрт сұрақ, екіншісіне төрт және екеуіне бірдей екі сұрақ.
Сынақ тест
Сынақ тест — 2026 форматында, «Талдау» үлгісімен: сауаттылықтар блоктарға бөлінген, әр блоктың өз уақыты, алдыңғы блокқа оралу жоқ, арасында 5 минут үзіліс; тапсырмалар үш деңгейде.
Не тексеріледі
Тақырыптар — «Талдау» сборнигіндегі толық нұсқа мен МОДО-2024 есебі бойынша.
Тақырыптар
6 тақырып- Мәтін түрлері мен құрылымдық бөліктері: әңгімелеу, сипаттау, пайымдау; басы, негізгі бөлім, соңы, жоспар
- Мәтіндегі лексикалық бірліктер: синоним, антоним, көп мағыналы сөз, ауыспалы мағына, тұрақты тіркес
- Мәтін мазмұны: сұраққа жауап, оқиға мен кейіпкер әрекетінің себебі
- Мәтіннің тақырыбы мен негізгі ойы, автордың мақсаты, тақырып атауы, мақал
- Мәтіннің стилі мен жанры: көркем және ғылыми-танымдық мәтін, әңгіме, мақала, хабарландыру
- Екі мәтінді салыстыру: тақырып, негізгі ой, стиль, түр, құрылым, тілдік құралдар
A, B, C деңгейіндегі тапсырмалар
- A, 2 тапсырма: мәтінде тура айтылғанды табу.
- B, 6 тапсырма: мәтін түрі мен бөліктері, сөздің контекстегі мағынасы, стилі мен жанры, кейіпкер әрекетінің себебі, негізгі ой, мәтінге мақал.
- C, 2 тапсырма: тек екі мәтінді салыстыру — тақырып, ой, стиль, тілдік құралдар.
Қазақ және орыс тіліндегі мәтіндер әртүрлі, аударма емес.
Біздің ашық тапсырмаларымыз жаңа банк тексеруден өткенде осы бетте пайда болады.
Жиі кездесетін қателер
Ең әлсізі — екі мәтінді салыстыру: түрі, стилі, негізгі ойы, тілдік құралдары (МОДО-2024 есебі).
Жиі қойылатын сұрақтар
Оқу сауаттылығы: неше тапсырма?
25 минутта 10 тапсырма.
Деңгейлер қандай?
A — базалық, B — орта, C — жоғары. Әр деңгейдің тапсырма саны нұсқада тұрақты.
Калькулятор бола ма?
Жоқ. Черновикке қағаз пайдалануға болады.