ББЖМ 2027 · 4-сынып

ББЖМ 4-сынып: жаратылыстану сауаттылығы

4-сыныптың ББЖМ-ындағы жаратылыстану сауаттылығы — 40 минутта 20 тапсырма. Бағдарламаның бес бөлімі бойынша 1–4-сынып жаратылыстануы: «Мен — зерттеушімін», «Тірі табиғат», «Заттар және олардың қасиеттері», «Жер және ғарыш», «Табиғат физикасы». Әр бөлімшеге бір тапсырмадан; сурет пен тәжірибе көп.

Сынақ тест

Сынақ тест — 2026 форматында, «Талдау» үлгісімен: сауаттылықтар блоктарға бөлінген, әр блоктың өз уақыты, алдыңғы блокқа оралу жоқ, арасында 5 минут үзіліс; тапсырмалар үш деңгейде.

МОДО сынақ тестіне өту →

Не тексеріледі

Тақырыптар — «Талдау» сборнигіндегі толық нұсқа мен МОДО-2024 есебі бойынша.

Тақырыптар

12 тақырып
  • Мен – зерттеушімін: ғылымның рөлі, табиғатты тану әдістері, тәжірибе және оның нәтижесі
  • Өсімдіктер: фотосинтез, бейімделу, қауымдастықтар, Қызыл кітап
  • Жануарлар: топтары, қоректенуі, бейімделуі
  • Адам: мүшелер жүйесі және денсаулық
  • Заттар және олардың қасиеттері, заттардың қолданылуы
  • Ауа және су: құрамы, қасиеттері, жану, табиғаттағы су
  • Табиғи ресурстар және Қазақстанның пайдалы қазбалары
  • Жер: Жер қабықтары, айналуы және оның салдары, кеңістік пен уақыт
  • Ғарыш және оның Жердегі тіршілікке әсері
  • Күш және қозғалыс: серпімділік, ауырлық, үйкеліс
  • Жарық, дыбыс, жылу
  • Электр және магнетизм

A, B, C деңгейіндегі тапсырмалар

  • A, 5 тапсырма: құбылысты тану, өсімдіктің бөлігін не мүшені атау.
  • B, 10 тапсырма: білімді таныс жағдайда қолдану: ауа, су, күштер, жарық, дыбыс, жылу, электр.
  • C, 5 тапсырма: тәжірибені түсіндіру, диаграмма бойынша қорытынды жасау, әр түрлі деректерді байланыстыру.

Біздің ашық тапсырмаларымыз жаңа банк тексеруден өткенде осы бетте пайда болады.

Тіркелусіз · 6 тапсырма

Жауабы бар тапсырмалар

Нағыз тест форматындағы 6 тапсырма. Жауап пен талдау — бірден.

0 / 6 ұпай

Адам: мүшелер жүйесі және денсаулық · базалық деңгей1-тапсырма / 6
Неге тамақ ішер алдында қолды сабынмен жуу керек?

Жиі кездесетін қателер

МОДО-2024 есебі бойынша «Табиғат физикасы», «Заттар және олардың қасиеттері», «Мен — зерттеушімін» бөлімдері «қиын»: ауаның құрамы, табиғаттағы су, тәжірибе диаграммасы бойынша қорытынды, энергия көздері, жылуөткізгіштік.

Жиі қойылатын сұрақтар

Жаратылыстану сауаттылығы: неше тапсырма?

40 минутта 20 тапсырма.

Деңгейлер қандай?

A — базалық, B — орта, C — жоғары. Әр деңгейдің тапсырма саны нұсқада тұрақты.

Калькулятор бола ма?

Жоқ. Черновикке қағаз пайдалануға болады.

ББЖМ 4-сыныпСынақ тест — 2026 форматында, «Талдау» үлгісімен: сауаттылықтар блоктарға бөлінген, әр блоктың өз уақыты, алдыңғы блокқа оралу жоқ, арасында 5 минут үзіліс; тапсырмалар үш деңгейде.
Тестке өту