2026–2027 · 3-тоқсан

Қазақ тілі 10 сынып БЖБ — 3-тоқсан

3-тоқсанда қазақ тілі пәнінде 2 бөлім, 10 оқу мақсаты. Тоқсан 19 наурызда аяқталады; бұл тоқсанда ТЖБ жоқ: аптасына 1 сағат пәнде баға жартыжылдыққа қойылады, ТЖБ — 4-тоқсанның соңында. Әр бөлімнің барлық оқу мақсаты — төменде.

≤ 2 БЖБ
тоқсанына · аптасына 1 сағат
7–20 балл
5–11 сыныпта
25 + 25 + 50 %
ҚБ + БЖБ + ТЖБ = жартыжылдық баға
№ 125
бағалау ережесі
Қазақ тілінде

Дайын БЖБ мен ТЖБ — 3-тоқсан

  • БЖБ 1Адамзат дамуының жаһандық мәселелері. Тілдік жүйе және норма10 балл
  • БЖБ 2Адам өмірін сақтау. Тілдік жүйе және норма10 балл
  • Kaspi QR · растаудан кейін 2–4 минутта дайын
  • Ұнамаса — бір рет тегін қайта жазамыз
  • PDF және Word — екеуі де
БЖБ-ны өзіңіз жасағыңыз келе ме?Bilim Plus Ұстаз · БЖБ мен ТЖБ — бөлімге 2 минутта, спецификациясымен
Ұстазда тегін бастау
БЖБ 1

3. Адамзат дамуының жаһандық мәселелері. Тілдік жүйе және норма

Білу және түсіну 63%Қолдану 38%

Банкте осы бөлімге — 8 тапсырма

Оқу мақсаттары · 7

  • 10.1.2.1мамандандырылған тар аядағы арнайы мәтіндердегі (интервью) мақсатты аудиторияға арналған терминдер мен ұғымдарды, тілдік оралымдарды талдау
  • 10.1.5.1коммуникативтік жағдаятқа сай көпшілік алдында тиісті сөйлеу әдебін сақтай отырып, дұрыс сөйлеу
  • 10.2.3.1көпшілікке арналған интервью құрылымы мен рәсімделуін білу, жанрлық ерекшеліктерін талдау
  • 10.2.4.1әртүрлі стильдегі (ғылыми, ресми іс-қағаздар, публицистикалық, көркем әдебиет, ауызекі сөйлеу стилі) мәтіндердің тақырыбын, мақсатты аудиторияға сәйкес қызметін, құрылымын, тілдік ерекшелігін салыстыра талдау
  • 10.3.1.1ғылыми-көпшілік стильдің жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай тілдік құралдарды орынды қолданып, интервью жазу
  • 10.3.5.1әртүрлі тақырып бойынша көркемдегіш құралдарды ұтымды қолданып, шығармашылық жұмыстар (өлең, хат, әңгіме, шығарма) ұсына білу
  • 10.4.4.1сөзжасамдық және синтаксистік нормаларды сақтай білу
БЖБ 2

4. Адам өмірін сақтау. Тілдік жүйе және норма

Білу және түсіну 63%Қолдану 38%

Банкте осы бөлімге — 8 тапсырма

Оқу мақсаттары · 8

  • 10.1.2.1мамандандырылған тар аядағы арнайы мәтіндердегі (пікірталас) мақсатты аудиторияға арналған терминдер мен ұғымдарды, тілдік оралымдарды талдау
  • 10.1.4.1мәтінде көтерілген мәселеге автор мен оқырманның қарым-қатынасын ескере отырып, сұрақтар құрастыру және бағалау
  • 10.2.3.1көпшілікке арналған очерктің құрылымы мен рәсімделуін білу, жанрлық ерекшеліктерін талдау
  • 10.2.4.1әртүрлі стильдегі (ғылыми, ресми ісқағаздар, публицистикалық, көркем әдебиет, ауызекі сөйлеу стилі) мәтіндердің тақырыбын, мақсатты аудиторияға сәйкес қызметін, құрылымын, тілдік ерекшелігін салыстыра талдау
  • 10.3.3.1қажетті клишелер мен лексикалық құрылымдарды қолданып, көтерілген мәселе бойынша өз ойын дәлелдеп эссе жазу (дискуссивті эссе)
  • 10.3.1.1ғылыми-көпшілік стильдің жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай тілдік құралдарды орынды қолданып, нұсқаулық жазу
  • 10.3.4.1оқылым және тыңдалым материалдары бойынша түртіп жазудың (конспектілеудің) әртүрлі жолдарын меңгеру арқылы негізгі ақпаратты іріктеу
  • 10.4.4.1сөзжасамдық және синтаксистік нормаларды сақтай білу

3-тоқсанда неше БЖБ

Қазақ тілі, 10-сынып: 3-тоқсанда 2 бөлім. Пән аптасына 1 сағат оқытылады (№ 399 бұйрықтағы үлгілік бағдарлама), сондықтан № 125 ереже бойынша тоқсанына 2-ден артық БЖБ болмайды, баға жартыжылдыққа қойылады. Нақты санын мұғалім күнтізбелік-тақырыптық жоспар бойынша белгілейді.

Бір БЖБ-ның ең жоғары балы 5–11 сыныпта — 7–20. Бұл тоқсанда ТЖБ жоқ: ол 4-тоқсанның соңында, жартыжылдықтың барлық бөлімінің оқу мақсаттары бойынша, спецификациямен (тапсырма — мақсат — ойлау деңгейі — балл).

Оқу мақсаттары қайдан

Бөлімдер мен мақсаттар — № 399 бұйрықтағы үлгілік оқу бағдарламасының ұзақ мерзімді жоспарынан, 2026–2027 оқу жылына. № 125 ереже бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары өтілген материалды үлгілік бағдарламаға сәйкес қамтиды — сондықтан әр тапсырма оқу мақсатының кодымен байланысқан.

БЖБ мен ТЖБ — бөлімге 2 минутта, спецификациясымен

Bilim Plus Ұстаз-ға тегін тіркеліңіз: бірден 50 токен, поштаны растасаңыз — тағы 50, барлығы әр 30 күнге 100 токен (≈ 3 ҚМЖ), карта керек емес. Бөлімді таңдайсыз — БЖБ немесе ТЖБ оқу мақсаттарымен, спецификациямен (тапсырма — мақсат — ойлау деңгейі — балл), дескрипторлармен және жауап кілтімен, Word-қа.

  • Пән, сынып, тоқсан, бөлім мен мақсаттар өзі қойылады
  • Банктен тексерілген тапсырмалар немесе ЖИ мақсат бойынша
  • Қазақша және орысша
БЖБ жасау — тегін

Жиі қойылатын сұрақтар

Чаттағы көмекшіден сұраңыз — бірден жауап береді.

Қазақ тілі 10-сынып 3-тоқсан БЖБ-ның жауаптары бар ма?

Жауап кілті мен дескрипторлар тек мұғалімге — Bilim Plus Ұстаз кабинетінде, БЖБ-ны жасағанда бірге шығады. Бұл бетте — бөлімдер мен оқу мақсаттары; тапсырмалар сайтта жарияланбайды.

Тапсырмалар қайдан алынған?

Bilim Plus банкінен: әр тапсырма оқу мақсатының кодымен және ойлау деңгейімен белгіленген, жариялау алдында тексерілген. Бетте — бөлімге алтауға дейін, толық банк — кабинетте.

БЖБ-ны өз сыныбыма қалай жасаймын?

Бөлімнің астындағы «Осы бөлімге БЖБ жасау» батырмасын басыңыз: Bilim Plus Ұстаз-да пән, сынып, тоқсан, бөлім және мақсаттар өзі қойылады. Тіркелу — тегін.

10-сынып, 3-тоқсан — басқа пәндер

БЖБ · 3-тоқсанҚазақ тілі, 10 сынып