2026–2027 · 3-тоқсан

Алгебра 10 сынып БЖБ — 3-тоқсан

3-тоқсанда алгебра пәнінде 3 бөлім, 37 оқу мақсаты. Тоқсан 19 наурызда аяқталады; тоқсан соңында — ТЖБ. Әр бөлімнің барлық оқу мақсаты — төменде.

≤ 3 БЖБ
тоқсанына
7–20 балл
5–11 сыныпта
25 + 25 + 50 %
ҚБ + БЖБ + ТЖБ = тоқсандық баға
№ 125
бағалау ережесі
Қазақ тілінде

Дайын БЖБ мен ТЖБ — 3-тоқсан

  • БЖБ 1Көпмүшелер15 балл
  • БЖБ 2Функцияның шегі және үзіліссіздігі15 балл
  • БЖБ 3Туынды15 балл
  • ТЖБТоқсанның барлық бөлімі30 балл
  • …БЖБ 3 және ТЖБ
  • Kaspi QR · растаудан кейін 2–4 минутта дайын
  • Ұнамаса — бір рет тегін қайта жазамыз
  • PDF және Word — екеуі де
БЖБ-ны өзіңіз жасағыңыз келе ме?Bilim Plus Ұстаз · БЖБ мен ТЖБ — бөлімге 2 минутта, спецификациясымен
Ұстазда тегін бастау
БЖБ 1

Көпмүшелер

Білу және түсіну 43%Қолдану 48%Жоғары деңгейлі дағдылар 10%

Банкте осы бөлімге — 120 тапсырма

Оқу мақсаттары · 15

  • 10.2.1.1бірнеше айнымалысы бар көпмүшенінің анықтамасын білу және оны стандарт түрге келтіру, стандарт түрдегі көпмүшенің дәрежесін анықтау
  • 10.2.1.2симметриялы және біртекті көпмүшелерді танып білу
  • 10.2.1.3бір айнымалысы бар көпмүшелерді ажырата және оны стандарт түрге келтіре алу
  • 10.2.1.4бір айнымалысы бар көпмүшенің бас коэффициентін, дәрежесін және бос мүшесін табу
  • 10.2.1.5көбейткіштерге жіктеу әдісі арқылы бір айнымалысы бар көпмүшенің түбірлерін табу
  • 10.2.1.6көпмүшелерді көбейткіштерге жіктеу үшін формулаларын қолдану
  • 10.2.1.7көпмүшені көпмүшеге "бұрыштап" бөлуді орындау
  • 10.2.1.8Безу теоремасын және оның салдарларын есеп шығаруда қолдану
  • 10.2.1.9симметриялы және біртекті көпмүшелер түбірлерін табудың түрлі тәсілдерін қолдану
  • 10.2.1.10көпмүше түбірлерін табу үшін Горнер схемасын қолдану
  • 10.2.1.13анықталмаған коэффициенттер әдісін білу және оны көпмүшені көбейткіштерге жіктеуде қолдану.
  • 10.2.1.11бір айнымалысы бар бүтін коэффициетті көпмүшенің рационал түбірі туралы теореманы оның түбірлерін табуда қолдану
  • 10.2.2.1жоғары дәрежелі теңдеулерді шешуде көбейткіштерге жіктеу әдісін қолдану
  • 10.2.2.2жоғары дәрежелі теңдеулерді шешуде жаңа айнымалы енгізу әдісін қолдану
  • 10.2.1.12жалпыланған Виет теоремасын білу және оны үшінші ретті көпмүшелерге қолдану
БЖБ 2

Функцияның шегі және үзіліссіздігі

Білу және түсіну 53%Қолдану 42%Жоғары деңгейлі дағдылар 5%

Банкте осы бөлімге — 64 тапсырма

Оқу мақсаттары · 8

  • 10.4.1.8функцияның нүктедегі шегінің анықтамасын білу және оны есептеу
  • 10.4.1.9функцияның шексіздіктегі шегінің анықтамасын білу және оны есептеу
  • 10.4.1.10функция графигіне жүргізілген асимптотаның анықтамасын білу және асимптоталардың теңдеулерін құра білу
  • 10.4.1.11функцияның шексіздіктегі шегінің қасиеттерін қолданып сан тізбектерінің шектерін табу
  • 10.4.1.12функцияның нүктедегі үзіліссіздігінің және функцияның жиындағы үзіліссіздігінің анықтамаларын білу
  • 10.4.1.13үзіліссіз функциялардың қасиеттерін білу және оларды функция үзіліссіздігін дәлелдеуде қолдану
  • 10.4.1.14шектерді есептеуде және түріндегі анықталмағандықтарды ашу әдістерін қолдану
  • 10.4.1.15бірінші тамаша шекті қолданып шектерді есептеу
БЖБ 3

Туынды

Білу және түсіну 48%Қолдану 45%Жоғары деңгейлі дағдылар 7%

Банкте осы бөлімге — 112 тапсырма

Оқу мақсаттары · 14

  • 10.4.1.16аргумент өсімшесі мен функция өсімшесінің анықтамаларын білу
  • 10.4.1.17функция туындысының анықтамасын білу және анықтама бойынша функцияның туындысын табу
  • 10.4.1.18тұрақты функцияның және дәрежелік функцияның туындыларын табу
  • 10.4.1.19функция дифференциалы анықтамасын және дифференциалдың геометриялық мағынасын білу
  • 10.4.1.20функция дифференциалын табу
  • 10.4.1.21дифференциалдаудың ережелерін білу және қолдану
  • 10.4.1.22күрделі функцияның туындысын табу
  • 10.4.1.23тригонометриялық функциялардың туындыларын табу
  • 10.4.1.24кері тригонометриялық функциялардың туындыларын табу
  • 10.4.2.1туындының геометриялық мағынасын білу
  • 10.4.2.2туындының физикалық мағынасын білу
  • 10.4.3.1туындының физикалық мағынасына сүйене отырып, қолданбалы есептер шығару
  • 10.4.3.2туындының геометриялық мағынасын қолданып есептер шығару
  • 10.4.1.25берілген нүктеде функция графигіне жүргізілген жанама теңдеуін құру
ТЖБ · 3-тоқсан — 3 бөлім бойынша, спецификациясыменТоқсан 19 наурызда аяқталады

Алгебра 10 сынып ТЖБ — 3-тоқсан

30 балл · 40 минут

Жауаптар, дескрипторлар және 2-нұсқа — толық жинақта: барлық БЖБ мен ТЖБ, кілтімен.

ТЖБ-ны Ұстазда өзіңіз жасаңыз — тегін

3-тоқсанда неше БЖБ

Алгебра, 10-сынып: 3-тоқсанда 3 бөлім. № 125 ереже бойынша тоқсанына 3 БЖБ-дан аспайды; бөлім төртеу не одан көп болса, біріктіріледі, ал аптасына 1 сағат пәнде — 2-ден аспайды. Нақты санын мұғалім күнтізбелік-тақырыптық жоспар бойынша белгілейді.

Бір БЖБ-ның ең жоғары балы 5–11 сыныпта — 7–20. Тоқсан соңындағы ТЖБ — осы тоқсанның барлық бөлімінің оқу мақсаттары бойынша, спецификациямен (тапсырма — мақсат — ойлау деңгейі — балл).

Оқу мақсаттары қайдан

Бөлімдер мен мақсаттар — № 399 бұйрықтағы үлгілік оқу бағдарламасының ұзақ мерзімді жоспарынан, 2026–2027 оқу жылына. № 125 ереже бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары өтілген материалды үлгілік бағдарламаға сәйкес қамтиды — сондықтан әр тапсырма оқу мақсатының кодымен байланысқан.

БЖБ мен ТЖБ — бөлімге 2 минутта, спецификациясымен

Bilim Plus Ұстаз-ға тегін тіркеліңіз: бірден 50 токен, поштаны растасаңыз — тағы 50, барлығы әр 30 күнге 100 токен (≈ 3 ҚМЖ), карта керек емес. Бөлімді таңдайсыз — БЖБ немесе ТЖБ оқу мақсаттарымен, спецификациямен (тапсырма — мақсат — ойлау деңгейі — балл), дескрипторлармен және жауап кілтімен, Word-қа.

  • Пән, сынып, тоқсан, бөлім мен мақсаттар өзі қойылады
  • Банктен тексерілген тапсырмалар немесе ЖИ мақсат бойынша
  • Қазақша және орысша
БЖБ жасау — тегін

Жиі қойылатын сұрақтар

Чаттағы көмекшіден сұраңыз — бірден жауап береді.

Алгебра 10-сынып 3-тоқсан БЖБ-ның жауаптары бар ма?

Жауап кілті мен дескрипторлар тек мұғалімге — Bilim Plus Ұстаз кабинетінде, БЖБ-ны жасағанда бірге шығады. Бұл бетте — бөлімдер мен оқу мақсаттары; тапсырмалар сайтта жарияланбайды.

Тапсырмалар қайдан алынған?

Bilim Plus банкінен: әр тапсырма оқу мақсатының кодымен және ойлау деңгейімен белгіленген, жариялау алдында тексерілген. Бетте — бөлімге алтауға дейін, толық банк — кабинетте.

БЖБ-ны өз сыныбыма қалай жасаймын?

Бөлімнің астындағы «Осы бөлімге БЖБ жасау» батырмасын басыңыз: Bilim Plus Ұстаз-да пән, сынып, тоқсан, бөлім және мақсаттар өзі қойылады. Тіркелу — тегін.

10-сынып, 3-тоқсан — басқа пәндер

БЖБ · 3-тоқсанАлгебра, 10 сынып