2026–2027 · 1-тоқсан

Алгебра 10 сынып БЖБ — 1-тоқсан

1-тоқсанда алгебра пәнінде 2 бөлім, 10 оқу мақсаты. Тоқсан 23 қазанда аяқталады; тоқсан соңында — ТЖБ. Әр бөлімнің барлық оқу мақсаты — төменде.

≤ 3 БЖБ
тоқсанына
7–20 балл
5–11 сыныпта
25 + 25 + 50 %
ҚБ + БЖБ + ТЖБ = тоқсандық баға
№ 125
бағалау ережесі
Қазақ тілінде

Дайын БЖБ мен ТЖБ — 1-тоқсан

  • БЖБ 1Функция, оның қасиеттері және графигі12 балл
  • БЖБ 2Тригонометриялық функциялар12 балл
  • ТЖБТоқсанның барлық бөлімі30 балл
  • …ТЖБ
  • Kaspi QR · растаудан кейін 2–4 минутта дайын
  • Ұнамаса — бір рет тегін қайта жазамыз
  • PDF және Word — екеуі де
ТЖБ · 1-тоқсан — 2 бөлім бойынша, спецификациясыменТоқсан 23 қазанда аяқталады

Алгебра 10 сынып ТЖБ — 1-тоқсан

10 тапсырма · 30 балл · 40 минут

  • Білу және түсіну1–46 балл
  • Қолдану5–812 балл
  • Жоғары деңгей дағдылары9–1012 балл
  1. 1.

    y=f(x+3) графигі y=f(x) графигін қай бағытқа көшіру арқылы алынады?

    1 балл
    • A3 бірлікке жоғары
    • B3 бірлікке оңға
    • C3 бірлікке төмен
    • D3 бірлікке солға
  2. 2.

    Кемуі өсумен алмасатын нүкте қалай аталады?

    1 балл
    • Aмаксимум нүктесі
    • Bфункцияның нөлі
    • Cүзіліс нүктесі
    • Dминимум нүктесі
  3. 3.

    Тригонометриялық функцияны оның қасиеттерімен сәйкестендіріңіз.

    2 балл
    • 1y = sin x
    • 2y = cos x
    • 3y = tg x
    • 4y = ctg x
    • Aжұп; периоды 2π; мәндер жиыны [−1; 1]
    • Bтақ; периоды 2π; мәндер жиыны [−1; 1]
    • Cтақ; периоды π; анықталу облысы x ≠ πk, k ∈ Z
    • Dтақ; периоды π; анықталу облысы x ≠ π/2 + πk, k ∈ Z

Жауаптар, дескрипторлар және 2-нұсқа — толық жинақта: барлық БЖБ мен ТЖБ, кілтімен.

ТЖБ-ны Ұстазда өзіңіз жасаңыз — тегін
БЖБ-ны өзіңіз жасағыңыз келе ме?Bilim Plus Ұстаз · БЖБ мен ТЖБ — бөлімге 2 минутта, спецификациясымен
Ұстазда тегін бастау

БЖБ 1 тапсырмаларынан үзінді

1-нұсқа · 20 минут

«Функция, оның қасиеттері және графигі» бойынша жиынтық бағалау: барлығы 6 тапсырма, 12 балл. Төменде — 3 тапсырма.

  1. 1.

    Функция дегеніміз не?

    1 балл
    • Aәрбір y мәніне x-тің жалғыз мәні сәйкес келетін тәуелділік
    • Bанықталу облысындағы әрбір x мәніне y-тің жалғыз мәні сәйкес келетін тәуелділік
    • Cәрбір x-ке y-тің кемінде бір мәні сәйкес келетін тәуелділік
    • Dx пен y бар кез келген теңдеу
  2. 2.

    Функцияны оның графигі y = f(x) графигінен қалай алынатынымен сәйкестендіріңіз.

    2 балл
    • 1y = f(x) + 3
    • 2y = f(x − 2)
    • 3y = 2f(x)
    • 4y = f(2x)
    • AOx осі бойымен 2 бірлік оңға параллель көшіру
    • BOy осі бойымен 3 бірлік жоғары параллель көшіру
    • COx осі бойымен (Oy осіне қарай) 2 есе сығу
    • DOy осі бойымен (Ox осінен) 2 есе созу
  3. 3.

    f(x) = x² − 1 және g(x) = 2x + 3 функциялары берілген. f(g(x)) күрделі функциясын табыңыз.

    1 балл

Жауаптар, дескрипторлар және 2-нұсқа — толық жинақта. Барлық БЖБ мен ТЖБ, кілтімен.

БЖБ 1

Функция, оның қасиеттері және графигі

Білу және түсіну 46%Қолдану 46%Жоғары деңгейлі дағдылар 8%

Банкте осы бөлімге — 48 тапсырма

Оқу мақсаттары · 6

  • 10.3.1.1функция анықтамасын және берілу тәсілдерін білу
  • 10.3.1.2функция графигіне түрлендірулер орындай алу (параллель көшіру, сығу және созу)
  • 10.1.1.3функция қасиеттерін анықтай алу
  • 10.3.1.4функцияның берілген графигі бойынша оның қасиеттерін: 1) функцияның анықталу облысы; 2) функцияның мәндер жиыны; 3) функцияның нөлдері; 4) функцияның периодтылығы; 5) функцияның бірсарындылық аралықтары; 6) функцияның таңбатұрақтылық аралықтары; 7) функцияның ең үлкен және ең кіші мәндері; 8) функцияның жұптылығы,тақтылығы; 9) функцияның шектелгендігі; 10) функция үзіліссіздігі; 11) функцияның экстремумдары сипаттай алу
  • 10.3.1.5кері функцияның анықтамасын білу және берілген функцияға кері функцияны табу және өзара кері функциялар графиктерінің орналасу қасиетін білу
  • 10.3.1.6f(g(x)) күрделі функциясын ажырата білу және функциялар композициясын құру
БЖБ 2

Тригонометриялық функциялар

Білу және түсіну 50%Қолдану 44%Жоғары деңгейлі дағдылар 6%

Банкте осы бөлімге — 32 тапсырма

Оқу мақсаттары · 4

  • 10.1.3.1тригонометриялық функциялар анықтамаларын, қасиеттерін білу және олардың графиктерін сала білу
  • 10.1.3.2тригонометриялық функциялардың графиктерін түрлендірулер көмегімен сала білу
  • 10.1.3.3арксинус, арккосинус, арктангенс, арккотангенс анықтамаларын білу және олардың мәндерін таба білу
  • 10.1.3.4құрамында кері тригонометриялық функциялары бар өрнектердің мәнін табу

1-тоқсанда неше БЖБ

Алгебра, 10-сынып: 1-тоқсанда 2 бөлім. № 125 ереже бойынша тоқсанына 3 БЖБ-дан аспайды; бөлім төртеу не одан көп болса, біріктіріледі, ал аптасына 1 сағат пәнде — 2-ден аспайды. Нақты санын мұғалім күнтізбелік-тақырыптық жоспар бойынша белгілейді.

Бір БЖБ-ның ең жоғары балы 5–11 сыныпта — 7–20. Тоқсан соңындағы ТЖБ — осы тоқсанның барлық бөлімінің оқу мақсаттары бойынша, спецификациямен (тапсырма — мақсат — ойлау деңгейі — балл).

Оқу мақсаттары қайдан

Бөлімдер мен мақсаттар — № 399 бұйрықтағы үлгілік оқу бағдарламасының ұзақ мерзімді жоспарынан, 2026–2027 оқу жылына. № 125 ереже бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары өтілген материалды үлгілік бағдарламаға сәйкес қамтиды — сондықтан әр тапсырма оқу мақсатының кодымен байланысқан.

БЖБ мен ТЖБ — бөлімге 2 минутта, спецификациясымен

Bilim Plus Ұстаз-ға тегін тіркеліңіз: бірден 50 токен, поштаны растасаңыз — тағы 50, барлығы әр 30 күнге 100 токен (≈ 3 ҚМЖ), карта керек емес. Бөлімді таңдайсыз — БЖБ немесе ТЖБ оқу мақсаттарымен, спецификациямен (тапсырма — мақсат — ойлау деңгейі — балл), дескрипторлармен және жауап кілтімен, Word-қа.

  • Пән, сынып, тоқсан, бөлім мен мақсаттар өзі қойылады
  • Банктен тексерілген тапсырмалар немесе ЖИ мақсат бойынша
  • Қазақша және орысша
БЖБ жасау — тегін

Жиі қойылатын сұрақтар

Чаттағы көмекшіден сұраңыз — бірден жауап береді.

Алгебра 10-сынып 1-тоқсан БЖБ-ның жауаптары бар ма?

Жауап кілті мен дескрипторлар тек мұғалімге — Bilim Plus Ұстаз кабинетінде, БЖБ-ны жасағанда бірге шығады. Бұл бетте — бөлімдер мен оқу мақсаттары; тапсырмалар сайтта жарияланбайды.

Тапсырмалар қайдан алынған?

Bilim Plus банкінен: әр тапсырма оқу мақсатының кодымен және ойлау деңгейімен белгіленген, жариялау алдында тексерілген. Бетте — бөлімге алтауға дейін, толық банк — кабинетте.

БЖБ-ны өз сыныбыма қалай жасаймын?

Бөлімнің астындағы «Осы бөлімге БЖБ жасау» батырмасын басыңыз: Bilim Plus Ұстаз-да пән, сынып, тоқсан, бөлім және мақсаттар өзі қойылады. Тіркелу — тегін.

10-сынып, 1-тоқсан — басқа пәндер

БЖБ · 1-тоқсанАлгебра, 10 сынып