2026–2027 · 1-тоқсан

Биология 7 сынып БЖБ — 1-тоқсан

1-тоқсанда биология пәнінде 3 бөлім, 18 оқу мақсаты. Тоқсан 23 қазанда аяқталады; тоқсан соңында — ТЖБ. Әр бөлімнің барлық оқу мақсаты — төменде.

≤ 3 БЖБ
тоқсанына
7–20 балл
5–11 сыныпта
25 + 25 + 50 %
ҚБ + БЖБ + ТЖБ = тоқсандық баға
№ 125
бағалау ережесі
Қазақ тілінде

Дайын БЖБ мен ТЖБ — 1-тоқсан

  • БЖБ 1Экожүйелер15 балл
  • БЖБ 2Тірі ағзаларды жүйелеу12 балл
  • БЖБ 3Жасушалық биология Су және органикалық заттар15 балл
  • ТЖБТоқсанның барлық бөлімі30 балл
  • …БЖБ 3 және ТЖБ
  • Kaspi QR · растаудан кейін 2–4 минутта дайын
  • Ұнамаса — бір рет тегін қайта жазамыз
  • PDF және Word — екеуі де
БЖБ-ны өзіңіз жасағыңыз келе ме?Bilim Plus Ұстаз · БЖБ мен ТЖБ — бөлімге 2 минутта, спецификациясымен
Ұстазда тегін бастау

БЖБ 1 тапсырмаларынан үзінді

1-нұсқа · 20 минут

«Экожүйелер» бойынша жиынтық бағалау: барлығы 7 тапсырма, 15 балл. Төменде — 3 тапсырма.

  1. 1.

    Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген жануарды таңдаңыз.

    1 балл
    • Aсұр қасқыр
    • Bкәдімгі түлкі
    • Cқар барысы
    • Dсарғыш сарышұнақ
  2. 2.

    Қазақстанның ерекше қорғалатын табиғи аймақтарын олар қорғайтын өсімдікпен немесе жануармен сәйкестендіріңіз.

    2 балл
    • 1Қорғалжын қорығы
    • 2Ақсу-Жабағылы қорығы
    • 3Барсакелмес қорығы
    • 4Алакөл қорығы
    • Aқұлан
    • Bреликті шағала
    • CГрейг қызғалдағы
    • Dқызғылт қоқиқаз
  3. 7.

    Дала экожүйесінде мына ағзалар тіршілік етеді: бидайық, шегіртке, сарышұнақ, бозторғай, дала сұр жыланы, дала қыраны. а) Осы ағзалардан әрқайсысы кемінде үш буыннан тұратын екі қоректік тізбек құрастырыңыз. ә) Екі тізбекті біріктіріп, қоректік тор жасаңыз және бірнеше жануарға қорек болатын ағзаны атаңыз. б) Шегірткелер жаппай көбейсе, сарышұнақ пен дала қыранының саны қалай өзгеретінін болжаңыз және дәлелдеңіз.

    3 балл

Жауаптар, дескрипторлар және 2-нұсқа — толық жинақта. Барлық БЖБ мен ТЖБ, кілтімен.

БЖБ 1

Экожүйелер

Білу және түсіну 59%Қолдану 39%Жоғары деңгейлі дағдылар 2%

Банкте осы бөлімге — 56 тапсырма

Оқу мақсаттары · 8

  • 7.3.1.1жергілікті жер экожүйесі қоршаған орта факторларының тірі ағзалардың тіршілік әрекеті мен таралуына әсерін зерттеу
  • 7.3.1.2табиғи қоректік тізбектерді салыстыру
  • 7.3.1.3қоректік тізбектер және қоректік торларды құрастыру
  • 7.3.1.4экологиялық сукцессия үдерісін сипаттау
  • 7.3.2.1адам мен экожүйе арасындағы қарым-қатынастарды сипаттау
  • 7.3.2.2экожүйеге жағымсыз әсер ететін адам тіршілігінің салаларына мысалдар келтіру
  • 7.3.2.3Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғи аймақтарының өсімдіктері мен жануарларын сипаттау
  • 7.3.2.4жергілікті өңірдің Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген жануарлары мен өсімдіктеріне мысал келтіру
БЖБ 2

Тірі ағзаларды жүйелеу

Білу және түсіну 56%Қолдану 41%Жоғары деңгейлі дағдылар 3%

Банкте осы бөлімге — 32 тапсырма

Оқу мақсаттары · 4

  • 7.1.1.1жүйелеудің маңызын түсіндіру
  • 7.1.1.2жүйелеуде тірі ағзалардың орынын анықтау
  • 7.1.1.3омыртқасыз және омыртқалы жануарлардың құрылысының ерекшеліктерін сипаттау
  • 7.1.1.4жекелеген ағзаларға қарапайым дихотомиялық кілттерді қолдану
БЖБ 3

Жасушалық биология Су және органикалық заттар

Білу және түсіну 55%Қолдану 41%Жоғары деңгейлі дағдылар 4%

Банкте осы бөлімге — 56 тапсырма

Оқу мақсаттары · 7

  • 7.4.2.1"жасуша", "ұлпа", "мүше", "мүшелер жүйесі" туралы түсініктер
  • 7.4.2.2өсімдіктер және жануарлар жасушаларын ажырату
  • 7.4.1.1судың қасиеті мен тірі ағзалар үшін маңызын сипаттау
  • 7.4.1.2тірі ағзалар тіршілік әрекеттері үшін микро- және макроэлементтердің ролін сипаттау
  • 7.4.1.3азық түліктерде көмірсулар, нәруыздар және майлардың бар екендігін дәлелдеу
  • 7.1.1.4минералды тыңайтқыштардағы азот, калий және фосфордың өсімдіктер үшін маңызын танып білу
  • 7.4.1.4өсімдіктер үшін минералдық тыңайтқыштар құрамындағы азот, калий және фосфордың маңызын оқып білу
ТЖБ · 1-тоқсан — 3 бөлім бойынша, спецификациясыменТоқсан 23 қазанда аяқталады

Биология 7 сынып ТЖБ — 1-тоқсан

10 тапсырма · 30 балл · 40 минут

  • Білу және түсіну1–46 балл
  • Қолдану5–812 балл
  • Жоғары деңгей дағдылары9–1012 балл
  1. 1.

    Қазақстандағы ең алғашқы мемлекеттік табиғи қорық қайсы?

    1 балл
    • AНаурзым
    • BБарсакелмес
    • CАқсу-Жабағылы
    • DАлакөл
  2. 2.

    Ғалымдар жаңа жануар түрін тауып, оның жәндіктер класына жататынын анықтады. Осыдан бірден нені болжауға болады?

    1 балл
    • Aоның тек өсімдіктермен қоректенетінін
    • Bоның ересек дарағында үш жұп аяқ болатынын
    • Cоның міндетті түрде екі жұп қанаты болатынын
    • Dоның тек Қазақстанда тіршілік ететінін
  3. 3.

    Жануарлар ұлпаларын олардың негізгі қызметімен сәйкестендіріңіз.

    2 балл
    • 1Эпителий ұлпасы
    • 2Дәнекер ұлпа
    • 3Бұлшықет ұлпасы
    • 4Жүйке ұлпасы
    • Aқозуды қабылдап, өткізеді
    • Bдененің бетін және ішкі қуыстарын жауып, қорғайды
    • Cтірек болады, қан ретінде заттарды тасымалдайды
    • Dжиырылып, қозғалысты қамтамасыз етеді

Жауаптар, дескрипторлар және 2-нұсқа — толық жинақта: барлық БЖБ мен ТЖБ, кілтімен.

ТЖБ-ны Ұстазда өзіңіз жасаңыз — тегін

1-тоқсанда неше БЖБ

Биология, 7-сынып: 1-тоқсанда 3 бөлім. № 125 ереже бойынша тоқсанына 3 БЖБ-дан аспайды; бөлім төртеу не одан көп болса, біріктіріледі, ал аптасына 1 сағат пәнде — 2-ден аспайды. Нақты санын мұғалім күнтізбелік-тақырыптық жоспар бойынша белгілейді.

Бір БЖБ-ның ең жоғары балы 5–11 сыныпта — 7–20. Тоқсан соңындағы ТЖБ — осы тоқсанның барлық бөлімінің оқу мақсаттары бойынша, спецификациямен (тапсырма — мақсат — ойлау деңгейі — балл).

Оқу мақсаттары қайдан

Бөлімдер мен мақсаттар — № 399 бұйрықтағы үлгілік оқу бағдарламасының ұзақ мерзімді жоспарынан, 2026–2027 оқу жылына. № 125 ереже бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары өтілген материалды үлгілік бағдарламаға сәйкес қамтиды — сондықтан әр тапсырма оқу мақсатының кодымен байланысқан.

БЖБ мен ТЖБ — бөлімге 2 минутта, спецификациясымен

Bilim Plus Ұстаз-ға тегін тіркеліңіз: бірден 50 токен, поштаны растасаңыз — тағы 50, барлығы әр 30 күнге 100 токен (≈ 3 ҚМЖ), карта керек емес. Бөлімді таңдайсыз — БЖБ немесе ТЖБ оқу мақсаттарымен, спецификациямен (тапсырма — мақсат — ойлау деңгейі — балл), дескрипторлармен және жауап кілтімен, Word-қа.

  • Пән, сынып, тоқсан, бөлім мен мақсаттар өзі қойылады
  • Банктен тексерілген тапсырмалар немесе ЖИ мақсат бойынша
  • Қазақша және орысша
БЖБ жасау — тегін

Жиі қойылатын сұрақтар

Чаттағы көмекшіден сұраңыз — бірден жауап береді.

Биология 7-сынып 1-тоқсан БЖБ-ның жауаптары бар ма?

Жауап кілті мен дескрипторлар тек мұғалімге — Bilim Plus Ұстаз кабинетінде, БЖБ-ны жасағанда бірге шығады. Бұл бетте — бөлімдер мен оқу мақсаттары; тапсырмалар сайтта жарияланбайды.

Тапсырмалар қайдан алынған?

Bilim Plus банкінен: әр тапсырма оқу мақсатының кодымен және ойлау деңгейімен белгіленген, жариялау алдында тексерілген. Бетте — бөлімге алтауға дейін, толық банк — кабинетте.

БЖБ-ны өз сыныбыма қалай жасаймын?

Бөлімнің астындағы «Осы бөлімге БЖБ жасау» батырмасын басыңыз: Bilim Plus Ұстаз-да пән, сынып, тоқсан, бөлім және мақсаттар өзі қойылады. Тіркелу — тегін.

7-сынып, 1-тоқсан — басқа пәндер

БЖБ · 1-тоқсанБиология, 7 сынып