Магистратураға КТ · 2026

Магистратураға КТ балдары: шекті балл және калькулятор

КТ-дан өту үшін тек жалпы балл жеткіліксіз: ғылыми-педагогикалық магистратураға 150 балдан кемінде 75 және әр блоктан шекті балл керек — шет тілі 25, ОДАТ пен екі бейіндік пән 7-ден. Бейіндік магистратураға — 70-тен 30 және әр пәннен 7. Балдарыңызды жазыңыз — калькулятор өттіңіз бе, жоқ па, көрсетеді.

Калькулятор

КТ балл калькуляторы

Магистратура түрін таңдап, блоктар бойынша балдарды жазыңыз — калькулятор жалпы балды және әр блоктың шекті балын тексереді.

50 · шек 25
30 · шек 7
30 · шек 7
40 · 20 тапсырма × 2 балл · шекті 7
Жалпы балл

81/ 150

Шекті балдардан өттіңіз
  • 75жалпы — шекті балл 75
Сынақ КТ-да өзіңізді тексеріңіз

Бұл — грант емес, конкурсқа рұқсат: грантқа өту балы БББ тобы бойынша конкурста қалыптасады.

КТ шекті балдары

Магистратура түріЖалпыШет тіліОДАТ1-бейіндік2-бейіндікЕң жоғары
Ғылыми-педагогикалық магистратура7525 / 507 / 307 / 307 / 40150
Бейіндік магистратура30——7 / 307 / 4070
Шығармашылық дайындықты талап ететін топтар—25 / 507 / 30——80 + 70

Бір блок шекті балдан төмен болса, жалпы балл жоғары болса да, КТ өтпеді. Шекті балдар — Үлгілік қабылдау қағидалары (№ 600 бұйрық) және testcenter.kz сайтындағы КТ беті бойынша.

Шығармашылық топтар КТ-да тек шет тілі (шекті балл 25) мен ОДАТ (шекті балл 7) тапсырады — 80 балл; тағы 70 балға дейін ЖОО-дағы шығармашылық емтихандар береді.

2-бейіндік пән қалай есептеледі

Бәрі дұрысекі дұрыс та белгіленген2
Бір қатебір дұрыс жауап өткізілген1
Екі және көпартық және өткізілген0

Қате — артық таңдау да, белгіленбеген дұрыс жауап та. 20 тапсырма × 2 = 40 балл.

КТ-ның ең жоғары балы

  1. 1Ғылыми-педагогикалық магистратура — 150 балл: шет тілі 50, ОДАТ 30, 1-бейіндік пән 30, 2-бейіндік пән 40 (20 тапсырма, әрқайсысы 2 балл).
  2. 2Бейіндік магистратура — 70 балл: тек екі бейіндік пән, 30 + 40.
  3. 3Шығармашылық топтар — КТ-да 80 балл (шет тілі мен ОДАТ) және ЖОО-дағы шығармашылық емтихандар үшін 70 балға дейін, барлығы 150.

Грантқа өту балы

ҰТО грантқа өту балын алдын ала жарияламайды: конкурс әр БББ тобы ішінде КТ балдары бойынша өтеді, шегі грант санына және басқалардың нәтижесіне байланысты.

Бағдар — топ бойынша конкурс: бір грантқа қанша адам КТ тапсырды және шекті балдан қаншасы өтті. Әр топтың бұл сандары — гранттар кестесінде.

Барлық БББ топтары бойынша гранттар

IELTS пен TOEFL — КТ балымен

Сертификат ҰТО шкаласы бойынша шет тілі блогының орнына есептеледі — онда шет тілі КТ-да тапсырылмайды:

IELTS Academic6 → 25 · 6,5 → 30 · 7 → 40 · 7,5 → 45 · 8 → 50
TOEFL iBT60 → 25 · 79 → 30 · 94 → 40 · 102 → 45 · 110 → 50
DSH / TestDaFB2 → 25 · C1 → 35 · C2 → 50
TFI / DELF / DALF / TCFB2 → 25 · C1 → 35 · C2 → 50

Жиі қойылатын сұрақтар

Магистратураға КТ шекті балы қанша?

Ғылыми-педагогикалық магистратураға — 150 балдан кемінде 75 және әр блоктан шекті балл: шет тілі — 25, ОДАТ, 1- және 2-бейіндік пәндер — 7-ден. Бейіндік магистратураға — 70-тен 30 және әр пәннен кемінде 7.

Бір блок шекті балдан төмен болса не болады?

КТ өтпеді деп саналады, жалпы балл 75-тен жоғары болса да: блоктардың шекті балы жеке тексеріледі. Көбіне шет тіліндегі 25 шекті балл кедергі болады.

Магистратураға грантқа өту балы қанша?

ҰТО оны алдын ала айтпайды: гранттар БББ тобы ішінде КТ балы бойынша бөлінеді, шегі конкурста қалыптасады. Шекті балдан едәуір жоғары көздеген жөн — көп тапсырылатын топтарда бір грантқа бірнеше адам келеді.

2-бейіндік пәнде балл қалай есептеледі?

Бір тапсырма 2 балға дейін: барлық дұрыс жауап белгіленіп, артығы жоқ — 2, бір қате — 1, екі және одан көп — 0. Қате — артық таңдау да, белгіленбеген дұрыс жауап та. 20 тапсырма × 2 = 40 балл.

IELTS КТ-да қанша балл береді?

ҰТО шкаласы бойынша: IELTS Academic 6,0 — 25 балл, 6,5 — 30, 7,0 — 40, 7,5 — 45, 8,0 — 50. TOEFL iBT: 60 — 25, 79 — 30, 94 — 40, 102 — 45, 110 — 50.

КТ-ның ең жоғары балы қанша?

Ғылыми-педагогикалық магистратураға 150 (шет тілі 50, ОДАТ 30, бейіндік пәндер 30 және 40), бейіндік магистратураға — 70 (тек екі бейіндік пән).

Алғашқы толық КТ — тегінӘр блоктың балы мен шекті балы, әр тапсырманың талдауы. Әрі қарай — бір күн 1 290 ₸ немесе жазғы КТ-ға дейін 11 990 ₸.
КТ бастау