Жауабы бар тапсырмалар

Қазтест сұрақтары: жауаптары мен түсіндірмесі

ҰТО форматындағы тапсырмалар: тыңдалым мен оқылым жауап нұсқаларымен, жазылым мен айтылым — үлгісі мен өлшемшарттарымен. Жауап беріңіз — талдауды, жазба мәтінін және аударманы бірден көресіз.

тіркелусіз · 5 тапсырма

Тыңдалым: сұрақтар мен жауаптар

Тыңдалым жазбалары мен оқылым мәтіндері — жауаптан кейін талдауы, жазба мәтіні және аудармасы.

0 / 5 ұпай

Тыңдалым · A1–A21-тапсырма / 5
Әңгімеде әйел қандай көже сұрайды?
тіркелусіз · 5 тапсырма

Оқылым: A1–⁠A2 және B1 мәтіндері

Тыңдалым жазбалары мен оқылым мәтіндері — жауаптан кейін талдауы, жазба мәтіні және аудармасы.

0 / 5 ұпай

Оқылым · A1–A21-тапсырма / 5

Сәлем, Мира!

Мен қазір Ақтаудамын, мұнда ұшақпен келдім. Бұл қала Каспий теңізінің жағасында орналасқан. Мұнда жаз ыстық, теңіз суы жылы. Күн көп, жаңбыр сирек жауады. Мен күнде таңертең теңізге шомыламын.

Ақтаудың бір қызық ерекшелігі бар: көп көшенің аты жоқ. Үйдің мекенжайы шағын аудан мен үйдің нөмірінен тұрады. Мысалы, менің қонақүйім он төртінші шағын ауданда. Қаланың тұрғындары өте қонақжай. Жергілікті балық тағамдары маған қатты ұнады.

Кешке жағалауда серуендеймін, күннің батқанын тамашалаймын. Мен мұнда бір апта боламын. Ертең қала сыртындағы әдемі жерлерге экскурсияға барамын. Саған кәдесый алып барамын!

Сәлеммен, Жанар.

Жанар қазір қай қалада?
тіркелусіз · 5 тапсырма

Оқылым: B2 мәтіні

Тыңдалым жазбалары мен оқылым мәтіндері — жауаптан кейін талдауы, жазба мәтіні және аудармасы.

0 / 5 ұпай

Оқылым · B21-тапсырма / 5

Мектепте немесе студент кезде дос табу оңай: күнде бір сыныпта, бір аудиторияда кездесесің. Ал отызға келгенде жағдай өзгереді. Жұмыс, отбасы, үй шаруасы уақыттың бәрін алып, ескі достармен байланыс бірте-бірте үзіле бастайды. Көп адам мұны байқамай да қалады: бір күні досына хабарласайын десе, онымен соңғы рет қашан сөйлескенін есіне түсіре алмайды.

Психолог Айжан Төлегенова мұны табиғи құбылыс деп санайды, бірақ достықты сақтауға болатынын айтады. «Көп адам достық үшін үлкен кездесу керек деп ойлайды. Шындығында, жылына бір рет өтетін думаннан гөрі аптасына бір рет жіберілген қысқа хабарлама, бес минуттық қоңырау әлдеқайда маңызды», — дейді маман.

Таразда тұратын төрт құрбы бұл кеңестің дұрыстығын өз тәжірибесінен біледі. Олар бейсенбі сайын жұмыстан кейін бір кафеде жиналады. Кейде бар болғаны жарты сағат отырады, бірақ бұл дәстүрді он жылдан бері бұзған емес. «Біреуміз келе алмасақ, қалғандарымыз бәрібір жиналамыз. Маңыздысы — тоқтамау», — дейді олардың бірі Мәдина.

Маманның пікірінше, ересек адамның достығы өздігінен сақталмайды, оған гүл сияқты күтім керек. Ол үшін қымбат сыйлық та, ұзақ демалыс та қажет емес: жүйелі түрде бөлінген аз ғана уақыт жеткілікті.

Мәтін бойынша ересек жаста ескі достармен байланыс неге үзіле бастайды?
тіркелусіз · 5 тапсырма

Оқылым: C1 мәтіні

Тыңдалым жазбалары мен оқылым мәтіндері — жауаптан кейін талдауы, жазба мәтіні және аудармасы.

0 / 5 ұпай

Оқылым · C11-тапсырма / 5

Қазір кітапты қағаздан да, экраннан да оқуға болады. Бірі қоржынға сыймайтын томды қалтаға салып алса, енді бірі қағаздың иісі мен беттің сыбдырынсыз оқуды елестете алмайды. Әйтсе де мәселе құралда емес, оқудың өзінде сияқты.

Экраннан оқитын адам көбіне мәтінді сүзіп өтеді: көзі жолдан жолға секіріп, керекті сөзді іздейді. Жаңалық не хат оқығанда бұл әдіс ыңғайлы-ақ. Бірақ әдеби шығарма мұндай асығысты көтермейді. Романды оқып шығу деген — кейіпкермен бірге ойлану, кейде бір сөйлемге қайта оралып, оның астарын ұғу. Мұны тереңдеп оқу дейді. Тереңдеп оқыған адам мәтінді ғана емес, өзін де түсіне бастайды: кейіпкердің таңдауы оны өз өміріне үңілуге итермелейді. Психологтардың байқауынша, тереңдеп оқу дағдысы бұлшық ет сияқты: жаттықпаса, әлсірей береді.

Олай болса, экранды кінәлаудың жөні жоқ. Кінә — оқырманның әдетінде. Бір кітапты ашып қойып, әр бес минут сайын хабарламаға алаңдаған адам қағаз кітапты да үстірт оқиды. Керісінше, телефонындағы дыбысты өшіріп, жарты сағатын тек кітапқа арнаған жан электронды нұсқадан да рахат табады. Яғни оқудың сапасын құрылғы емес, назар анықтайды.

Менің ойымша, бүгінгі оқырманға керегі — жаңа құрылғы емес, ескі ұстаным: асықпау. Күніне аз да болса, бөгде ойға бөлінбей оқу. Күніне жиырма бет оқыған адам жылына ондаған кітапты аяқтайды. Абайдың қара сөздерін асығыс оқып, түсінген адам кемде-кем. Кітап өз сырын тек сабырлы оқырманға ашады.

Автор бірінші абзацта екі түрлі оқырманды не үшін суреттейді?

Оқылымда не сұралады

Әр мәтінде тапсырманың бір бөлігі — түсінуге, бір бөлігі — лексика мен грамматикаға: синоним, антоним, сөз формасы, сөйлем түрі, мақал. Бөлек лексика-⁠грамматика блогы енді жоқ — 2024 жылға дейінгі бейнелердегі формат ескірген.

Жазылым мен айтылым үлгілері

Тыңдалым1-⁠мәтін · A1–⁠A2

Тестте бұл жазбаны тыңдайсыз; мұнда — жауаптан кейін оның мәтіні.

Дәріхана қай жерде орналасқан?

Жиі қойылатын сұрақтар

Қазтесттің ресми сұрақтары жауаптарымен бар ма?

ҰТО төрт бөліктің тегін үлгілерін және спецификацияны жариялайды (testcenter.kz, «Дайындық»). ҰТО-⁠ның онлайн сынағы ақылы — нұсқасы 1 142 ₸, құрал — 5 000 ₸.

Неше жауап нұсқасы болады?

Төрт, біреуі дұрыс.

Жауапты өзгертуге бола ма?

Иә: электронды тестте навигация еркін — бөліктер кез келген ретпен, тапсырманы өткізіп, соңына дейін жауапты өзгертуге болады.

Жазба неше рет ойнатылады?

ҰТО-⁠ның 2025 жылғы спецификациясында — бір рет, 2026 жылғысында — «бірнеше рет». Біздің толық тестте — бір рет, сынақта — екі рет, жаттығуда — қажетінше.

Дереккөз: ҰТО спецификациясы және тапсырма үлгілері (testcenter.kz), ҚАЗТЕСТ қағидалары (№ 458).

Қазір қай деңгейдесіз — A1, A2 әлде B1?

Сынақ тест: 10 тапсырма, тіркелусіз, нәтиже бірден.

Сынақ тестті өту