ВНЖ мен ПМЖ үшін Қазтест: талаптар және пробный тест
Тұрақты тұруға келген иммигранттар онлайн диагностика тапсырады: тыңдалым мен оқылым, әр бөліктен кемінде 70 %. Көп сайтта жазылған «A1, 30 %» талабы ескірді: 2026 жылғы 10 сәуірден бастап әр бөліктен 70 % керек. Тренажердегі нұсқаулар орысша да бар.
Қалай тапсырады: төрт қадам
- Өтінім
app.testcenter.kz → «ҚАЗТЕСТ» → иммигранттарға онлайн диагностика; өтінім фотомен, паспорт бойынша.
- Төлем
Әр талпыныс — 9 000 ₸, тек онлайн. Өтпесеңіз — 30 күнде тағы 2 рет, әрқайсысы ақылы.
- Онлайн тест
Прокторингпен 70 минут. Әдебиет, телефон, құлаққап тыйым салынған; бұзсаңыз — 30 күнге тыйым.
- Нәтиже
3 жұмыс күнінде: әр бөліктен 70 % болса — сертификат, болмаса — анықтама. Одан кейін — migration.enbek.kz сауалнамасы.
Неге 70 % — B2-ден жоғары
B2 — әр бөліктен 60 %, C1 — 80 %. ЫХК шегі — олардың арасында. Тапсырмалар A1-ден C1-ге қарай күрделенеді: тыңдалымда A1–A2 мен B1 жазбалары — 20-ның 10 тапсырмасы, 14-ке жету үшін B2 мен C1 жазбаларынан тағы 4 дұрыс жауап керек. Оқылымда A1–A2 мен B1 мәтіндері — 16 тапсырма, ал 28 керек.
Кімге тест керек емес
- еңбек және бизнес-иммигранттарға, инвесторларға, студенттерге
- бұрынғы отандастарға
- ҚР азаматымен кемінде бір жыл некеде тұрған жұбайларға
- отбасына келген 60 жастан асқан ата-аналарға
- кәмелетке толмағандарға
Неге шектен көп жинаған дұрыс
Иммиграциялық әлеуетті бағалауда қазақ тілін білу 120 балға дейін береді — расталған деңгейге сай. Бағалаудың өту балы — кемінде 600. Сондықтан жай тапсыру емес, жоғары балл жинаған дұрыс.
Тыңдалымды байқап көріңіз
Тыңдалым жазбалары мен оқылым мәтіндері — жауаптан кейін талдауы, жазба мәтіні және аудармасы.
0 / 5 ұпай
Жиі қойылатын сұрақтар
ЫХК-ға Қазтест қанша тұрады?
Иммигранттарға онлайн диагностика — әр талпыныс 9 000 ₸, төлем тек онлайн.
Неше рет тапсыруға болады?
Бір не екі бөліктен 70 %-дан аз жинасаңыз, соңғы талпыныстан бастап 30 күнтізбелік күн ішінде тағы екі реттен көп емес қайта тапсыруға болады. Әр талпыныс ақылы — барлығы 3 ретке дейін.
Жазылым мен айтылым керек пе?
Жоқ. ЫХК үшін тек тыңдалым (20 тапсырма, 20 минут) мен оқылым (40 тапсырма, 50 минут) тапсырылады.
Нәтиже қашан шығады?
Тест пен прокторинг тексерілгеннен кейін 3 жұмыс күнінде: әр бөліктен 70 % және одан жоғары болса — сертификат, болмаса — анықтама.
Үйден тапсыруға бола ма?
Иә, тест онлайн, прокторингпен өтеді. Әдебиет, телефон, құлаққап тыйым салынған; бұзсаңыз — 30 күнге тыйым.
Бұл талап қашанға дейін күшінде?
Бұл — 30.01.2026 № 41/60/47 бірлескен бұйрық бойынша пилоттық жоба, ол 31.12.2026 дейін әрекет етеді.
Дереккөз: 30.01.2026 № 41/60/47 бірлескен бұйрық (10.04.2026 ред.), ҚАЗТЕСТ қағидалары (ҒЖБМ № 458 бұйрығы), ҰТО жаңалықтары.
70 % жинайтыныңызды тексеріңіз
10 тапсырма тіркелусіз, кіргеннен кейін диагностика нұсқасы тегін.
Қазтест тағы кімге керек
Bilim Plus басқа тесттері:Мемқызметке тесттегі мемлекеттік тілҰБТ-ға дайындық