«Болашақ» · B1 және одан жоғары

„Болашақ“ үшін Қазтест: қандай деңгей керек

«Болашақ» пен ғылыми тағылымдамаларға қазақ тілінен B1-⁠ден төмен емес сертификат керек — ҚАЗТЕСТ немесе QAZAQ RESMI TEST. B1 — сертификаттық тесттің әр бөлігінен 50 %.

Сертификаттық тест: әр бөліктің балы

20
Тыңдалым20 тапсырма · 20 мин · B1 үшін — 10-ден
40
Оқылым40 тапсырма · 50 мин · B1 үшін — 20-ден
50
Жазылым2 тапсырма · 50 мин · B1 үшін — 25-ден
50
Айтылым2 тапсырма · 7 мин · B1 үшін — 25-ден

Деңгейлер мен балл

Сертификат 2 жыл жарамды. ҰБТ-⁠да «Қазақ тілі» бейіндік пәнінің орнына есептеледі — B1-⁠ден бастап.

ДеңгейАтауы160 балданҰБТ балы
A1қарапайым48 балдан · 30 %—
A2базалық64 балдан · 40 %—
B1орта80 балдан · 50 %42
B2ортадан жоғары96 балдан · 60 %46
C1жоғары128 балдан · 80 %50

Деңгей әр бөлік бойынша қойылады

B1 үшін әр бөліктен 50 %: тыңдалым 10, оқылым 20, жазылым мен айтылым 25 балдан. A2 үшін — 40 %. Жалпы балл жетсе де, әлсіз бөлік деңгейді түсіреді.

Тыңдалым≥ 10 / 20Оқылым≥ 20 / 40Жазылым≥ 25 / 50Айтылым≥ 25 / 50
Деңгейлер мен балл туралы толық

Жиі қойылатын сұрақтар

«Болашаққа» Қазтесттің қай деңгейі керек?

B1 және одан жоғары (БҒМ м.а. 22.05.2015 № 318 бұйрығы). QAZAQ RESMI TEST сертификаты да жарайды.

Бұйрықта B1 «базалық» деп аталған — дұрыс па?

Бұл — бұйрықтағы қате: № 458 ҚАЗТЕСТ қағидалары бойынша B1 — орта деңгей, базалық — A2.

Ғылыми тағылымдамаға ше?

Сол сияқты B1 және одан жоғары — ҚАЗТЕСТ немесе QRT.

Қайда тапсырады?

Сертификаттық тест — ҰТО-⁠ның компьютерлік сыныптарында, 19 қалада, айына 1–⁠2 рет.

Дереккөз: БҒМ м.а. 22.05.2015 № 318 бұйрығы (2024 ред.), ҚАЗТЕСТ қағидалары (№ 458), ҰТО.

Сізде B1 бар ма?

Сынақ тест — 10 тапсырма тіркелусіз, нәтиже бірден.

Сынақ тестті өту