Білім беру ұйымдары басшыларына Қазтест: B1
Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мемлекеттік тілді білуге тест тапсырады — ҚАЗТЕСТ немесе QAZAQ RESMI TEST, орта (B1) деңгейден төмен емес, құжат жібергенге дейін өз бетінше.
Педагогтерге
ҚАЗТЕСТ немесе QRT сертификаттары аттестацияда «Курстық дайындық» бөлімінде есептеледі.
Мемқызметшілер мен бюджет саласына
Жұмыс берушінің жолдамасымен диагностикалық тест тапсырады: тыңдалым мен оқылым, 70 минут.
Сертификаттық тест: әр бөліктің балы
Деңгейлер мен балл
Сертификат 2 жыл жарамды. ҰБТ-да «Қазақ тілі» бейіндік пәнінің орнына есептеледі — B1-ден бастап.
| Деңгей | Атауы | 160 балдан | ҰБТ балы |
|---|---|---|---|
| A1 | қарапайым | 48 балдан · 30 % | — |
| A2 | базалық | 64 балдан · 40 % | — |
| B1 | орта | 80 балдан · 50 % | 42 |
| B2 | ортадан жоғары | 96 балдан · 60 % | 46 |
| C1 | жоғары | 128 балдан · 80 % | 50 |
Деңгей әр бөлік бойынша қойылады
B1 үшін әр бөліктен 50 %: тыңдалым 10, оқылым 20, жазылым мен айтылым 25 балдан. A2 үшін — 40 %. Жалпы балл жетсе де, әлсіз бөлік деңгейді түсіреді.
Жиі қойылатын сұрақтар
Басшылардың қайсысына Қазтест керек?
Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшыларына: B1-ден төмен емес (Оқу-ағарту министрлігі № 57 және Еңбек министрлігі № 96 бірлескен бұйрығы, 31.03.2025, 12-т.).
Педагогтерге Қазтест есептеле ме?
Иә: ҚАЗТЕСТ немесе QRT сертификаттары аттестацияда «Курстық дайындық» бөлімінде есептеледі.
B1 үшін қанша балл керек?
Әр бөліктен 50 %: тыңдалым 10, оқылым 20, жазылым мен айтылым 25 балдан.
Дереккөз: ОМ № 57 және ЕХӘҚМ № 96 бірлескен бұйрығы (31.03.2025, 2026 ред.), ҚАЗТЕСТ қағидалары (№ 458).
Сізде B1 бар ма?
Сынақ тест — 10 тапсырма тіркелусіз, нәтиже бірден.
Қазтест тағы кімге керек
Bilim Plus басқа тесттері:Мемқызметке тесттегі мемлекеттік тілҰБТ-ға дайындық