
Магистратураға түсу — академиялық мансаптағы маңызды қадам. 2025 жылы кешенді тестілеу электронды форматта өтеді және үш блоктан тұрады:
- 📘 Шет тілі бойынша тест (мысалы, ағылшын)
- 🧠 Оқуға дайындықты анықтайтын тест (ТГО)
- 🧪 Білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша тест (арнайы пәндер)
⏱ Жалпы тестілеу уақыты: 3 сағат 55 минут
🎯 Шекті балл: 75, оның ішінде:
- Шет тілі — кемінде 25 балл
- ТГО — кемінде 7 балл
- Бірінші және екінші бейіндік пән — әрқайсысы кемінде 7 балл
Профильді магистратураға түсетіндерге тек бейіндік тест тапсыру жеткілікті. Шекті балл — 30, пәндер бойынша да 7 балл талап етіледі.
5 жылдан астам басқарушылық немесе 10 жылдан астам бейіндік тәжірибесі бар үміткерлер әңгімелесу нәтижесі бойынша ақылы бөлімге қабылдана алады.
📍 Bilim Plus платформасында ТГО және ағылшын тілі бойынша сынақ тесттерін қазірден бастап тапсыруға болады. Олар ресми емтихан құрылымына толық сәйкес келеді.
🎓 Ай соңына дейін бағыттар бойынша арнайы пәндер де қосылады. Қазірден бастап дайындалып, 990 ₸-ден бастап жеңілдіктерді пайдаланыңыз!
Бөлісу